Мәдениет

Жарқынай Ханайым көпшілікке сүйіктісін көрсетті

Фото: Instagram/jarkynaijarkinai 

Отандық актриса, әнші Жарқынай Ханайым оқырмандарына сүйіктісін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі жеке парақшасының Stories бөлімінде гүл сыйлаған бейтаныс жігіттің фотосын жариялады.

Айта кетейік, актриса «Сакураның гүлденуі» атты сериалға түсіп, бас кейіпкерді сомдаған актер Айдар Асқарбекпен шаңырақ көтерген еді. Алайда көп ұзамай ажырасып кетті.

«Біз қазір Айдар екеуміз – Айлананың сүйікті ата-анасымыз. Біз жақсы доспыз. Әрине, бір-бірімізге ауыр сөз айтқан кездер болды, біз қазір одан өттік. Менің жеке өмірім «базарға» айналып, тым талқыланып кетті» деп ренжігенін жасырмаған еді актриса.

Одан кейін киножұлдыз сахнаға шығарған Баян Мақсатқызымен қандай қарым-қатынаста екенін де жасырмаған еді.

«Мені экс келіні дегеннен гөрі, экс жобасы деген дұрыс болар. Баян Мақсатқызы – менің өнердегі анам. Сол кісінің арқасында сахнаға шығып, киноға түстім. Ал жеке отбасы мәселесіне келсек, қазір бәрі жақсы. Бәрімен жақсы қарым-қатынастамын», – деген еді Жарқынай.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close