Жаңалықтар
Жарма ауданында карантин жарияланды

Фото: ашық дереккөз
Абай облысы Жарма ауданы Бұлақ ауылында ірі қара малдан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды qandastar.kz
Абай облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, аймақта 200-ге жуық мал бруцеллез жұқтырған.
«Бүгінгі таңда шаруа қожалықтарынан 193 бас ірі қара мал союға жіберілді. Барлық ауру зертхана арқылы расталды», — делінген басқарманың хаарламасында.
Осыған байланысты өңірде ветеринарлық талаптарға сай карантиндік шаралар жүргізілген.
Ветеринариялық қызметтің мәліметінше, бұл елді мекенде соңғы үш айда 50-ге жуық бруцеллез тіркелген. Мамандар жағдайды тексеріп, бақылауды жалғастыруда.