Жаңалықтар

Жарты жылдан кейін. Майқайың кенішінде шахтаға құлаған автобус бөлшектері табылды

Фото: Ашық дереккөзден

Майқайың кенішінде шахтаға құлаған автобус бөлшектері табылды. Бұл туралы бүгін, 25 шілдеде Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қазіргі уақытта көліктің алдыңғы бөлігіне дейін жету мүмкін болып, бампер мен көліктің доңғалағы көрінген.

Әкімдік қатты жаңбыр, жел және топырақтың құлау қаупі салдарынан іздеу жұмыстары аса сақтықпен жүргізіліп жатқанын атап өтті.

55 жастағы төртінші құтқарушы, жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі әлі табылған жоқ. Қазіргі таңда іздеу шаралары әлі де жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, 2024 жылдың 4 қаңтарында Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кеткен еді. 2 адамның мәйіті жер бетіне шығарылды, тағы 2 құтқарушыны іздестіру жұмыстары қайта жанданды. 19 шілдеде құтқарушылар взводы командирі Айдос Шаймерденовтың денесі табылды.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close