Жаңалықтар

Жарылқап Қалыбай: Ешқандай әнші еміме көмектеспеді

Фото: Скриншот

«Жұлдыздар отбасы» және «Аңыз адам» журналдарының құрылтайшысы, белгілі журналист Жарылқап Қалыбай ауыр дертке шалдыққанын ашық айтты. Бұл туралы ол журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz.

Жарылқап Қалыбайдың сөзінше, ол 2004 жылы ота жасатқан кезде В гепатитін жұқтырып алған. Бұл ауру жылдар өте келе бауыр циррозына алып келетінін кейін білген.

– «Сол дертпен 20 жылдан астам жүріппін. 2020 жылы коронавируспен ауырғаннан кейін обыр пайда болды. Осы сырқатпен күресіп жүргеніме бес жыл болды. Түркияға да, Үндістанға да барып емделдім», – деді ол.

Қазіргі таңда журналистің еміне шамамен 250 мың АҚШ доллары қажет екен. Ал әзірге бар болғаны айына 3 млн теңгедей қаржы жиналған.

Сонымен қатар Жарылқап Қалыбай кезінде шығармашылығы арқылы қолдау көрсеткен әншілердің бірде-бірі хабарласпағанын да айтты.

– «Әнші-әртістермен дос емеспін деп айта аламын. Бір кездері олардың да кейбір әрекеттері сыналғанда, мен де шындықты айттым. Саясатқа араласқаннан кейін олар менен қаша бастады», – деді ол.

Back to top button