Сингапурлық FoloToy компаниясы шығаратын жасанды интеллект орнатылған «Кумма» атты сөйлейтін аю ойыншығы дүкен сөрелерінен толықтай алынып тасталды. Бағасы 99 доллар болған бұл ойыншық балаларға арналса да, оның мінез-құлқы ата-аналар мен мамандарды шошытқан, деп жазады qandastar.kz
Futurism басылымының хабарлауынша, ойыншық ішіндегі ChatGPT жүйесі балаларға орынсыз кеңестер берген. АҚШ пен Канададағы Public Interest Research Group (PIRG) сарапшылары жүргізген сынақ кезінде аю кейде балаларға сіріңке, пышақ сияқты қауіпті заттарды қайдан табуға болатынын айтып берген.
Бұған қоса, ойыншық есірткі және жыныстық өмір тақырыптарын қозғаған. Мысалы, «kink» сөзін түсіндіру кезінде ол төсек қатынасына қатысты мазмұн айтып, тіпті «Бұлардың қайсысын жасап көргің келеді?» деген сұрақтар қойған.
Даулы жағдайдан соң компания «Кумма» ойыншығын нарықтан толықтай алып тастады.
