Жаңалықтар
«Жастарға мүмкіндік!»
Қостанай қаласы Жастар сарайында сағат 11:00 де «Жастарға мүмкіндік!» тақырыбында кездесу өтеді. Іс-шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Адырна» ҰЭБ» ҚҚ «Жастарды әлеуметтендіру және оңалту» жобасы аясында өтеді. NEET санатындағы жастарды еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріне тарту мәселелері қарастырылады.
NEET санатындағы жастар арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, идеяларды таратып, жастардың жұмысқа, оқуға белсенділік танытпау себептері, жобалық кеңсе тарапынан жастарға көмек беру және кәсіби бағдарлау түрлері, NEET жастарының қордаланған мәселелерінің шешу жолдарын қарастыруға бағытталған.
Іс-шараның мақсаты көтерілетін мәселелер арқылы жастарды болашақ өмірлік жоспарларына ынталандыру және шығармашылық әлеуетті дамыту.
Іс-шара спикері Нұрмахан Сопбеков. Білім беру процесіне және жұмыспен қамтуға тартылмаған жастарға мансап және жеке өсу үшін өмірлік дағдыларды дамытудағы тәжірибелерімен бөліседі.
Сонымен қатар, пікірталас халықты жұмыспен қамту орталығы, кәсіпкерлер палатасы, жастар ресурстық орталығы сынды мекемелердің қатысуымен өтеді.
Кездесу барысында бүгінгі күні еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар және қай саланы белсенді дамыту керек, жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту, кәсіпкердің қажетті дағдылары, жастарға берілген мүмкіндік пен соны қалай дұрыс пайдалану керектігі жайында сөз болады.
Қосымша ақпарат үшін:
Айдар Хамит +7 747 926 02 60
Электрондық пошта: jasadyrna@gmail.com