Жаңалықтар
Жедел-жәрдем 20:00 ден кейін хабарласқандарға келмейді – Министр неге бұндай ереже шығарды?
Фото: ашық дереккөз
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстандағы жедел жәрдем туралы жаңа заң туралы пікір білдірді, деп хабарлайды qandastar.kz Alash.kz ұлттық порталына сілтеме жасап.
Жаңа ереже бойынша, 4-санаттағы науқастар жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін ғана жедел жәрдем шақыра алады. Бірақ құжат әлі нақтыланбады. Қоғамдық талқылаудан ғана өткен.
“Бастапқыда бұйрық жобасында жедел медициналық жәрдем қызметі 1, 2 және 3 санаттағы науқастарға тәулік бойы қызмет көрсететіні және жұмыс істейтіні айтылған. Ал 4-санаттағы науқастарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетіледі. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен жылдамдығын қамтамасыз ету мақсатында 4-санаттағы науқастарды түнгі уақытта жедел медициналық жәрдем станциясына көшіру, ал поликлиникаларда жұмыс уақытын сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін қалдыру ұсынылады», – деді Әлназарова.
Айта кету қажет, жедел медициналық көмек көрсету ережесіне енгізілген жаңа түзетулерде жәрдем жәрдем шақырудың 4 шұғыл санаты белгіленген.
– 1-санаттағы шұғыл шақыру – дереу медициналық көмекті қажет ететін өміріне тікелей қауіп төніп тұрған науқас;
– 2-санаттағы шұғыл шақыру – медициналық көмексіз өміріне ықтимал қауіп төніп тұрған науқас;
– 3-санатты шұғыл шақыру – медициналық көмексіз денсаулығына қауіп төніп тұрған науқас;
– 4-санаттағы шұғыл шақыру – ағзалар мен жүйелердің кенеттен және айқын бұзылуынсыз, өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қауіп төндірмейтін, жедел аурудан немесе созылмалы аурудың өршуінен туындаған науқас.