Жаңалықтар

Жедел жәрдем қызметкерлері науқасты теуіп құлатты

Әлеуметтік желілерде жарияланған “жедел жәрдем қызметкерлері науқасты көшеде қалдырып кетті” деген видеоның Қазақстанға еш қатысы жоқ екені анықталды, деп хабарлайды qandastar.kz

Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталықтың хабарлауынша, видеодағы адамдар қазақстандық медициналық қызмет өкілдері емес.

Орталық таратылған видеодағы кадрларға бірнеше дәйекті дәлел келтірді. Біріншіден, формада Қазақстандағы жедел жәрдем қызметкерлеріне тән мемлекеттік немесе ведомстволық белгілер жоқ. Екіншіден киімнің түсі мен үлгісі елде қолданылатын бірыңғай стандартқа сәйкес келмейді. Үшіншіден, роликке әдейі эмоциялық әсер беретін аудио дорожка қоса салынған, бұл көрерменді шатастыруға бағытталған манипуляция ретінде бағаланған.

Сонымен қатар, бұл оқиғаның 2024 жылдың 11 наурызында Ресейдің Волгоград қаласында болғаны және сол кезде жергілікті БАҚ-та жарияланғаны белгілі болды. Оқиға бойынша кінәлілер жауапкершілікке тартылған.

Орталық жалған ақпарат таратпауға шақырып, паблик әкімшілері мен контент авторларын кез келген бейнематериалдың дереккөзін тексеруге үндеді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button