
Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасаған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Алматы қаласында жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне қауіп төндірген ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқиға Жетісу ауданында болған.
Жедел жәрдем бригадасы шақырту бойынша науқасқа келген кезде, сол жерде болған азамат мас күйінде агрессивті әрекет танытқан.
Ол қолына пышақ алып, медицина қызметкерлерін қорқытып, көлікке жақындауға кедергі келтірген.
Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері шақырылып, күдікті ұсталды.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 380-3-бабы (билік өкіліне қатысты күш қолдану қаупі) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.



