Жаңалықтар

«Жеке куәлігімді жасап алған»: Депутат Дәулет Мұқаев желідегі алаяқтардан сақ болуға шақырды

Фото: instagram.com/mukayevdaulet

Мәжіліс депутаты, блогер Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі алаяқтардан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды qandastar.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Халық қалаулысы атын жамылып, жалған парақшадан ақша тарататындарға үндеу жасады.

“Біздің елде экономикаға қарағанда санасыздық пен алаяқтық өсіп жатыр. Алаяқтар фотошоппен жеке куәлігімді жасап алып, елдерге осылай хат жіберіп жатыр екен. Жеке куәлікке біз бұлай фотоға түспейміз! Алданбаңыздар! Мен ештеңе ойнатып жатқаным жоқ”, – деп жазды Дәулет Төлеутайұлы.

Сондай-ақ депутат жалған куәлікті де көрсетіп, алаяқтар жіберетін хабарламаның орфографиялық қатесін сақтап жариялады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close