
Жоғарғы аудиторлық палатаның тексерісі Қазақстандағы жеке мектептердің 57% талапқа сай еместігін анықтады. Бұл туралы депутат Мұрат Әбенов жариялады, деп жазады Qandastar.kz.
Оның айтуынша, көптеген мектептер ескі ғимараттарда орналасқан, желдету жүйесі, өрт қауіпсіздігі жоқ, санитарлық нормалар бұзылады. Лабораториялар, компьютерлер және білікті мұғалімдер жетіспейді.
Депутат соңғы жылдары жеке мектептерге бөлінген қаражат тексерусіз берілгенін, артық төленген және заңсыз жұмсалған миллиардтардың қайтарылмағанын айтты.
Депутат жаңа министр Жұлдыз Сүлейменова білім саласында қаржылық тәртіп орнатуы тиіс екенін атап өтті. Ол мұғалімдер арқылы қысым көрсетіп, орындалмаған жұмыс үшін ақша талап ететіндерге ескерту жасады.
Әбенов Бас прокуратура мен ҰҚК-ге жеке мектептердегі заңбұзушылықтарды тексеру туралы сұрау салды.
Министрлік бұған дейін кейбір жеке мектептердің «өлі жандарға» және оқудан шыққан балаларға да қаржы алып келгенін мәлімдеген. Қазір бұл олқылықтарды болдырмау үшін жаңа ақпараттық жүйе әзірленіп жатыр.



