Есеп комитетінің аудиті «Қазақфильм» мекемесіне қатысты ақпарат жариялада. Онда мекеме балаларға арналған контент түсіруге миллиард теңге жұмсаған, алайда сол мультфильмдерді балалардың өзі көрмеген. “Казахфильмнің” өнімдері кинотеатрға шықпаған, ал YouTube-трқайсысы небәрі 200 қаралым жинапты, деп хабарлайды Qandastar.kz
Мемлекеттен бөлінген қаржы желге ұшқандай. Балаларға арналған контент жасауға миллиардтаған теңге жұмсалғанымен, ол экранға жетпеген. Ал біздің балалар әлі күнге дейін шетелдік мультфильмдерді көріп отыр.
Желі қолданушылары бұған наразы:
— “Неге менің қызым ресейлік ‘Үш мысықты’ көріп отыр, ал өзіміздің мультфильмдер қайда?” — деп жазды ата-аналардың бірі.
Сарапшылар мұны мәдениет саласындағы ашықтықтың жоқтығымен байланыстырады. Мемлекеттік тапсырыспен жасалған жобалар көп жағдайда есеп үшін ғана орындалып, көрерменге жетпей қалады.
Бұл оқиға – отандық анимация саласындағы жүйелі дағдарыстың көрінісі. Бір жағынан қаржы бар, екінші жағынан нәтиже жоқ.
Миллиардтаған теңге жұмсалды, бірақ бірде-бір бала көрмеген мультфильм – бұл өнер емес, бюрократияның жемісі.



