Мәдениет
Желі қолданушылардың пікірі қақ жарылды: Ләйлә Сұлтанқызы ән айтып отырған видеосын жариялады
Фото: жеке қорынан
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде ән айтып отырған видеосын жариялады. Оған желі қолданушылары түрлі пікір білдірген, деп жазады qandastar.kz
Видеодан тележүргізушінің «Дариға жүрек» әнін шырқап жатқанын көруге болады.
«Мен емес, жасанды интеллект қой айтып отырған, десең иә?! Жасанды интеллект дамыған заманда бай болғыңыз келсе, мынадай қасиет болу керек екен. Икемділік – өзгерістерге бейімделіп, жаңа технологияларды тез меңгеру. Шығармашылық – стандарттан тыс ойлап, жаңа идея, шешімдер ұсыну. Үздіксіз оқу – білім алуды тоқтатпай, дағдыларды жаңартып отыру. Тәуекелшілдік – жаңа бастамаларды жүзеге асыруда қорықпау. Тез әрекет ету. Мықты коммуникация – адамдармен тез байланыс орнатып, ынтымақтастық құра алу. Мәселе шешу қабілеті – күрделі жағдайларда шешім таба білу», – деп жазды ол.
Тележүргізушіге оқырмандары түрлі пікір жазды: «Слух қашып кетіпті ғой», «Жүргізуші болып жүре бересіз-ау», «Анда-санда болып тұрады, шабыт келгенде шырқайтынымыз бар», «Маған ұнап тұр. Дауысыңыз жақсы-ақ. Бұлай да айта алмайтындар бар ғой» деп жазды желі қолданушылары.