Жаңалықтар

Желіде армияға күштеп апара жатқан видео тарады

Фото: ашық дереккөз

Көшеде әскерге күштеп алып кетіп бара жатқан қызметкерлердің видеосы тарап, көпшілік оған наразылығын білдірді, деп жазады qandastar.kz

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, күзгі және көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде шақыру қағазын алған жастар жергілікті әскери басқару органдарына өз еркімен бармайды. Әскерге шақырылушыларды тіркеуге олардың тіркелген мекенжайында болмауы, көшкен кезде жаңа мекенжай бойынша тіркелмеуі де ебеп болады.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, шақыру қағазын жеке өзі тапсыру мүмкін болмаған жағдайда, оның келуін қамтамасыз ету ішкі істер органдарына жүктеледі. Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде кейде азаматтар полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қарсылық танытады. Мұндай жағдайларда полиция оларды мәжбүрлеп ұстап, жеткізуді жүзеге асыруға құқылы», – делінген министрлік хабарламасында.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close