Жаңалықтар

Желіде қазақстандық миллиардерлердің тойдағы биі қызу талқылануда

Әлеуметтік желіде қазақстандық танымал кәсіпкерлердің тойда билеп тұрған сәті көпшіліктің назарын аударды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Қазақстан баскетбол федерациясының президенті Айдос Таңсыққожиннің жарияланымына сілтеме жасап хабарлады.

Бейнежазбада Мұхтар Жәкішев пен Арманжан Байтасовтың би билеп тұрғаны көрінеді.
Мұхтар Жәкішев — «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық ядролық компаниясының бұрынғы басшысы, уран саласындағы ірі тұлғалардың бірі ретінде танымал. Ол 2009 жылы сыбайлас жемқорлық және алаяқтық айыптарымен қамауға алынып, кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған.

Ал Арманжан Байтасов — отандық медиа-бизнестегі ең ықпалды кәсіпкерлердің бірі. Ол Forbes Kazakhstan журналының, Muzzone және «Таң» телеарналарының, сондай-ақ Icon телекоммуникациялық компаниясының иесі.

Желі қолданушылары бейнежазбаға қатысты түрлі пікір қалдырған. Кейбірі «Оларда  адам, билесін», «Жұмыс істеп, демалуды да біледі екен», «Ақшасы көп адам қалай билесе де жарасады», «Ақшаң болса қалтаңда, талтаңда…» деп жазса, енді бірі «Биімен емес, ісімен көрсетсін өзін. Алагөзовтан үлгі алсын» деген сыни көзқарас білдірген.

Back to top button