Жаңалықтар

Желіде миллион теңгелік купюралардың видеосы қызу талқыға түсті

Фото: Видеодан скриншот

Желіде ірі номиналдағы купюраның пайда болғаны туралы видео тарап кетті. Ұлттық банктің баспасөз қызметі бұған қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық желі қолданушысы Азат Бекболатов ерекше банкноттар туралы видео жариялаған. 1 миллион теңгелік купюра туралы видео шамамен екі жарым миллионнан астам қаралым жинады.

«Дүкенге кіріп, зат алдым, енді қалған ақшаны бірнеше апта күттім», «Бұл шынымен бе?», «Егер шынымен де осындай ақша болса, экономика құлдырады деген сөз «, – деп жазды желідегілер.

Кейін Азат Бекболатов бұл видеоны әзіл ретінде жариялағанын айтты.

«Бұл шын купюралар емес және олар тек ойында қолданылады. Әрине, олармен ешкім төлемейді. Видеоның астына бұл өтірік купюра деп жазсам да, мұны шын деп қабылдағандар болыпты. Бұл бейнеролик осыншама талқыланады деп ойламадым», – дейді Орал қаласының тұрғыны.

Ұлттық банктің баспасөз қызметі де видеодағы ақша шынайы банкнот емес екенін баса айтты.

«Қазақстан банкноттарының сериясы мен номиналдары туралы барлық ақпарат Nationalbank.kz сайтында қолжетімді», – деді ҰБ баспасөз қызметі.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close