Жаңалықтар

Желіде танымал болған «Мұңайма, Үрбибі» әні кімге арналғаны белгілі болды

Фото: TikTok желісіндегі видеодан скриншот

Кейінгі уақытта әлеуметтік желілер арқылы танылған «Мұңайма, Үрбибі» әнінің жазылу тарихы туралы айтылды, деп хабарлайды qandastar.kz Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Бұл туралы TikTok желісінде видео жарияланды. Әннің авторы 1994 жылы жұбайына арнап шығарған екен.

«Менің атым – Үрсұлу. Менің күйеуім үйленгеніміздің 25 жылдығына арнап маған ән шығарды. Біздің үлкен ұлымыз қайтыс болды. Түрлі жағдайлар болды. Сол кезде «Мұңаймай, өмірге, бала-шағаға ашылып, мұңаймай, күліп-ойнап, әрі қарай өмір сүру керек» деп айтқысы келді. Солай шыққан ән», – деді Үрсұлу әже видеода.

Айта кетейік, бұған дейін хит әндер жазған композитордың түрмедегі өмірі туралы жазған едік.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close