Жаңалықтар

Желідегі шу: Қайрат Нұртастың қызы педофил деп айыпталған блогермен видеоға түскен

Фото: ашық дереккөз

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың қызы Алау TikTok желісінде жылап тұрып, өзіне бағытталған айыптауларға қатысты пікір білдірді, деп жазды qandastar.kz

Жасөспірім қыз әлеуметтік желі қолданушыларының ауыр сөздерінен кейін түсініктеме беруге мәжбүр болған. Ол өзіне педофил деп айыпталған блогер Қолғанат Жұмабаевпен жақын қарым-қатынаста деп негізсіз кінә тағылғанын айтты.

«Маған, кішкентай қызға, көпбалалы, әйелі бар ер адаммен жүретіндей басқа істейтін іс жоқ па деп жазады. Мені сондай адам деп ойласаңыздар, рақмет!» – деді Алау көз жасын сүртіп.

Даудың басы Алаудың Қолғанат Жұмабаевпен бірге видеоға түсуінен басталған. Кейін Жұмабаевтың бұрынғы жұбайы оны педофил деп айыптаған соң, әлеуметтік желіде қызу талқылау туындады. Бұл жағдай көпшіліктің назарын аударып, Алауға қатысты түрлі пікірлер жазылды.

Пікір қалдырған желі қолданушыларының кейбірі жасөспірім қызды қолдаса, енді бірі оны сынға алды:

  • «Сабағыңды оқы, басқа балалар сияқты жүр»,

  • «Сен әлі баласың, тыныш жүргенің дұрыс»,

  • «Жаным, жылама»,

  • «Кішкентай қызға неге тиісе бересіңдер?» – деген сынды түрлі пікірлер жазылды.

Айта кетейік, бұл жағдайға себеп болған блогер Қолғанат Жұмабаевты бұрынғы әйелі кәмелетке толмағандарға қатысты теріс әрекеттер жасады деп айыптаған еді.

Back to top button