ЖаңалықтарСаясат

Желідегілер Бақытжан Базарбекті вице-президент лауазымына ұсынып жатыр

Желідегі қауым депутат Бақытжан Базарбекті вице-президент қызметіне ұсынуда. Бұл туралы Qandastar.kz порталы facebook желісіндегі Шындықтан қаша алмайсың тобына сілтеме жасап хабарлайды. 
«Билікке батылдық керек болса, Базарбектен артығы жоқ», — дейді желі белсенділері.
Депутаттың қалың орман аудиториясы оны елдегі екінші адам дәрежесінде көруге қарсы емесі анық. Көпшілік мәжілісменді қазіргі статусынан асып кетті деп санайды.
Қоғам белсендісі Бекболат Қаржанның айтуынша, Базарбек әлгі орынға барса, қозғалыс басталады, әрі президент Тоқаевқа өте үлкен көмек береді.
Ескі Қазақстанға маза бермей, жер дауын батыл көтеріп, министр мен әкімдерді тіксінтіп, үкіметтің тынысын тарылтып жүрген Базарбектің есімі Ақорданың шорт-листіне кіріп қалуы ғажап емес.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button