Жаңалықтар

Желідегілер наразы: Қазақстандық тиктокер полиция формасымен желіге шыққан

Фото: Polisia.kz

Шымкентте полиция қызметкерлері ТикТок желісінде полицей қыздың тікелей эфирінің бейнежазбасын анықтады. Полиция формасын киген қыз ІІО-ның беделіне нұқсан келтіретін және оны төмендететін, офицер атағына лайықсыз әрекеттер көрсеткен, деп жазады qandastar.kz

Тәртіп сақшылары әлеуметтік желі қолданушысын анықтады. Ол полицияға ешқандай қатысы жоқ 24 жастағы азамат болып шықты.

Полицияның нысанды киімін заңсыз кигені үшін құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Нысанды киім тәркіленіп алынды.

Полиция айырым белгілері және (немесе) нышаны бар әскери киім нысанын, сондай-ақ нысанды және арнаулы киімді заңсыз киіп жүру (пайдалану) құқық бұзушылыққа жататынын ескертеді. Бұл үшін нысанды киім тәркіленіп, әкімшілік айыппұл салынады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close