ЖаңалықтарТарих

Желтоқсан оқиғасында қаза тапқан Ербол Сыпатаев тірі ме?

1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінде қаза тапқан Ербол Сыпатаевтың фотосында қателік бар. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы киноблогер Нұрбек Қасымбековтің Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Блогердің айтуынша, көпшілік Ербол Мұқажанұлы Сыпатаевтың фотосын көрсетуі тиіс еді, бірақ тірі, аты-жөні ұқсас Ербол Спатаевтың суреті тарап кеткен. Мұны өмірде тірі Ербол Спатаевтың қызы Гаухар Спатаева растап отыр.

«Ербол Спатаев — менің әкем, ол тірі, Аллаға шүкір. Кейбір дереккөздерде және бейнематериалдарда қате ақпарат таралып жатыр. Көрсетілген бейнедегі адам — менің әкем Ербол Спатаев, ал оны басқа тарихи тұлғамен шатастырып отыр. Аты-жөні бірдей болғанымен, әкесінің аты басқа, яғни бұл  екі бөлек адам.
Менің әкем де 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан. Ол кезде Алматыда студент болған. Сондықтан бейнематериалда көрсетілген адам «батыр» ретінде ұсынылған басқа тұлға емес, менің әкем. Ақпаратты жарияламас бұрын дереккөздерді мұқият тексерулеріңізді сұраймын», — деді Гаухар Спатаева.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button