Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Жемқор»: Ұлытау облысының әкімі балаларының буллингке ұшырағанын айтты

Дастан Рыспек Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте балалары буллинг көргенін айтты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы negekz-ке сілтеме жасап.

Бұл оқиғаға жергілікті тұрғынның әкімді «жемқор» дегені себеп болған.

Ұлытау әкімі әлеуметтік желіде Жезқазғандағы лас су, сынған жолдар мен ескі аурухана жайлы шағым айтқан көпбалалы ананы сотқа бергені туралы айтты.

Алайда сотқа жүгінуіне басқа себеп болған.

​«Мен сынға түсіністікпен қараймын. Жұмысыма қатысты айтылса, оны қабылдай аламын. Бірақ біреу мені жемқор деп айыптаса, ол менің абыройыма нұқсан келтіреді. Менің де жақындарым бар. Жезқазғанда мектепте оқитын балаларым бар. Өкінішке қарай, TikTok-тағы сол мәлімдемелерден кейін олар буллингке ұшырады. Жезқазғанда жұмыс істейтін анам бар, әріптестері де осы мәселені жиі айтып, оған қолайсыздық тудырған. Жалпы менің беделімe едәуір зиян келді.

Біз бірнеше рет ескертіп, заң бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін айттық. Бірақ ол тыңдамады, медиацияға да келіспеді. Сондықтан мен қажет деп санаған шешімді қабылдадым», — деді әкім.

Айтуынша, ол әйелге медиативтік келісім жасауды ұсынып, өзін жемқор деп атағаны үшін кешірім сұрауын талап еткен.

Бірақ әйел келіспей, керісінше, кезектен тыс үш бөлмелі пәтер беруді, әлеуметтік төлемдерді көбейтуді және қосымша қаржылай көмек көрсетуді сұраған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button