Жаңалықтар

Жемқорлықтан қашқан спортшы Ұлыбританиядан саяси баспана алды

Ақтаулық спортшы Ильдар Ягьяев Ұлыбританиядан саяси баспана алды, деп хабарлайды qandastar.kz  сайты.

Ягьяев – стритлифтинг пен стритворкауттан жеті дүркін әлем чемпионы. Бұған дейін  Гиннестің рекордтар кітабының рекордына енген болатын. 2023 жылы Ильдар Ягьяев Ұлыбританияға жұмыс істеуге кеткен. Ауыл шаруашылығы алқаптарында және жылдам тамақтану мейрамханаларында жұмыс істеген.
Елден кеткеннен кейін ол Ұлыбританияға табан тіреген. Қазір аталған елде 5 жыл бойы тұру құқығын беретін құжатқа қол жеткізіпті.  Спортшы айлакер схемаларды қолданбағанын, адвокаттардың көмегіне жүгінбегенін және жалған некеге отырмағанын мәлімдеді.

Жүздеген күн – фермада 12 сағаттан, аптап ыстықта да, суықта да, ондаған бас тарту – «құжат жоқ», «мүмкіндік жоқ». Жүздеген түн – уайыммен, ертең не болатынын білмей үнсіздікпен өтті.

Бүгін менің қолымда – жай ғана құжат емес. Бұл мен жүріп өткен жолдың дәлелі. Мен бес жылдық тұруға рұқсат алдым. Саяхатқа арналған паспорт және ең бастысы – таңдау еркіндігі. Ақыры балаларымды құшақтай аламын. Олардың көздерін көріп, күлкісін естимін. Әке бұның бәрін сендер үшін жасады. Болашақтарың үшін. Әр күнің үшін.

Сенгендерге де, сенбегендерге де рақмет, – деп жазды ол.

Спортшының өзі айтқандай, 2023 жылдың жазында ол қазақстандық БАҚ-қа сұхбат беріп, спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық, қаржыландырудың әділетсіз бөлінуі және олимпиадалық емес спорт түрлерінің өкілдеріне жасалатын қысым туралы ашық айтты. Осыдан кейін, Ильдардың айтуынша, ол белгісіз адамдардан қоқан-лоққы ести бастаған. Сол себепті ол телефон нөмірін ауыстырып, қауіпсіздігіне алаңдап, Ұлыбританиядан саяси баспана сұрауға шешім қабылдаған.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close