Қаржы және төлемдер
Жеңілдікпен сатылған тауарды қайтаруға немесе айырбастауға бола ма?
Фото: ашық дереккөз
Жаңа жылдық мерекелер – жеңілдіктер, акциялар және жағымды сатып алулар уақыты. Бірақ мерекелік шопинг көңіл қалуға айналса, не істеу керек? Білу маңызды: егер «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының шарттары сақталса, акциялық тауарлар кәдімгі тауарлармен теңдей қайтарылуға және айырбасталуға жатады, деп жазды qandastar.kz
Заңның 14-бабы нақты анықтайды: сізде азық-түлік емес тауарды айырбастау немесе ақшаны қайтару үшін 14 күн бар.
Бас тарту мәселесі, өкінішке орай, жиі кездеседі. Жақында Астана қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне акция бойынша сатып алынған тауарды қайтарудан бас тартқан тұтынушы хабарласты.
Департамент мамандары тез арада араласып, дүкенге: «Акциялық шарттарға қарамастан, тұтынушылардың құқықтары өзгеріссіз қалады», – деп ескертті СТҚҚД бас маманы Назерке Берікбай. Бұзушылықтар жойылды, ал тұтынушы өз ақшасын қайтарды.
Осындай жағдайлардың алдын алу үшін мынаны есте сақтаңыз:
- Әрқашан акциялардың шарттарын, әсіресе ұсақ жазуларды оқыңыз.
- Чектерді сақтаңыз – олар даулар туындаған жағдайда сіздің басты дәлеліңіз.
- Өз құқықтарыңызды қорғаудан қорықпаңыз: Астана қаласының СТҚҚД әрқашан көмек көрсетуге дайын.
Бұзушылықтар болған жағдайда хабарласыңыз: мекенжайы – Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 33, жедел желі телефоны: 8(7172) 74-98-32, 74-98-36. Сондай-ақ шағымдарды онлайн беру үшін Е-өтініш жүйесі де қолжетімді.