Жаңалықтар

«Жеңіліп қалғаннан кейін тұрмысқа шығу ойымнан айнып қалдым»: Әбиба олимпиададан жүлде алмай, тұрмысқа шықпайтынын айтты

Фото: жеке парақшасынан

Париж олимпиадасының қола жүлдесі үшін тартыста жеңіліске ұшыраған Абиба Абужақынова спорттық мансабы мен жеке өміріне қатысты жоспарын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Париж олимпиадасында жүлдеге сынық сүйем қалғанда сүрінген Әбиба Абужақынова жүлдегерлер қатарынан көрінгенде мансабын аяқтап, отбасы құрғысы келгенін жасырмады. Бұл туралы Kazinform жазды.

– Дзюдодан қазақ қыздары арасында мен тұңғыш рет әлем чемпионатының жүлдегері атандым. Олимпиада ойындарында да тура солай алғашқы қазақ қызы болғым келген. Өкінішке қарай Парижде ол мүмкіндік ұстатпай кетті. Бірақ, бәрі бір сол арманға, сол мақсатқа қол жеткізбей тоқтамаймын деп бел буып отырмын. Лос-Анджелестің ауылы да алыс емес. Әне-міне дегенше олда келіп қалады. Негізі, осы олимпиадада арманым орындалғанда міндетті түрде болашақ жарымды тауып, тұрмысқа шығып, бесігімді тербетіп үйде отырғым келген. Осы жолы жеңіліп қалғаннан кейін ол ойымнан айнып қалдым. Қазір жігітім де жоқ. Егер мені түсініп, 2028 жылғы олимпиадаға дейін күтемін деген азамат болса, тұрмысқа шығуға дайынмын – деді дзюдошы.

Айта кетейік, Әбиба Абужақынова Париж олимпиадасының қола жүлдесі үшін белдесуде швециялық Тара Бабулфаттан жеңіліп қалған еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close