Жаңалықтар

Жерге магниттік дауыл жақындады

2026 жылғы 18 қаңтарда Күнде болған ең жоғары X деңгейіндегі жарылыс Жерге магниттік дауыл ретінде әсер етуі мүмкін. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы kaz.zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

19 қаңтарда Ресей Ғылым академиясының Космостық зерттеулер институты Күн астрономиясы зертханасы және Күн-Жер физикасы институты мәлімдегендей, мұның себебі – Жерге тікелей бағытталған плазманың шығуы.

«Болжам бойынша магниттік дауыл сейсенбі күні Жерге жетеді. Күтулі магниттік дауыл деңгейі – G3/G4. Солтүстік жарық аймағының төменгі шекарасы – 50 градусқа дейін», – делінген хабарламада.

2026 жылғы 18 қаңтардағы бұл жарылыс – жылдағы алғашқы X деңгейіндегі жарылыс болып отыр. Соңғы рет Күнде бұдан күшті оқиға өткен жылдың 14 қарашасында тіркелген еді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button