Аустралия, АҚШ, Ұлыбритания және Дания ғалымдарынан құралған халықаралық астрономдар тобы HD 137010 b атты экзопланетаны анықтағанын мәлімдеді. Зерттеушілердің айтуынша, бұл ғарыш нысанының жағдайлары Жерге ұқсас болуы мүмкін, деп жазады qandastar.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Зерттеу Astrophysical Journal ғылыми журналында жарияланған. Онда экзопланетаның Жерден 146 жарық жылы қашықтықта орналасқаны көрсетілген.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, HD 137010 b бірқатар сипаттамалары бойынша Жер мен Марсқа ұқсайды. Планетаның радиусы Жердікінен шамамен 6%-ға үлкен, ал өз жұлдызын толық бір айналып шығу мерзімі 355 тәулікті құрайды. Ғалымдар бұл ғаламшардың өмір сүруге қолайлы аймақта орналасу ықтималдығын 50% деп бағалап отыр.
Бұл жаңалықтың ерекше қызығушылық тудыруы – экзопланетаның Күнге ұқсас жұлдыздың дискісі арқылы транзиттік өтуі. Жұлдыздың жарықтығы жоғары болғандықтан, зерттеушілерге алдағы уақытта егжей-тегжейлі бақылаулар жүргізуге мүмкіндік береді. Осы себепті HD 137010 b болашақ зерттеулер үшін ең үмітті нысандардың біріне айналып отыр.
Планета 2017 жылы NASA-ның «Кеплер» ғарыш телескобының кеңейтілген K2 миссиясы аясында жиналған архивтік деректерді қайта талдау нәтижесінде анықталған. Егер HD 137010 b экзопланета ретіндегі мәртебесі ресми түрде расталса, ол физикалық сипаттамалары бойынша Жерге ең жақын аналогтардың бірі әрі ғаламнан тіршілік белгілерін іздеу үшін маңызды нысанға айналуы мүмкін.



