Жаңалықтар

Жертөлеге қамап, қысым көрсеткен: Қазақстанда ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтар ұсталды

Фото: ашық дереккөз
Оралда өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде көрсеткен бір топ жігіт оқу орындарының бірінің студентінен 500 мың теңге бопсалаған. Бұл туралы qandastar.kz  ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы үш күнде үш қылмыстық топтың заңсыз әрекеті тоқтатылған.

“Оралда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде көрсетіп, зорлық-зомбылықпен оқу орындарының бірінің студентінен 500 мың теңге бопсалаған жергілікті жастар тобын ұстады. Күдіктілер қамауға алынды”, – делінген хабарламада.

Министрлік басқа қалаларда да құқық бұзушылық болғанын жеткізді.

“Шымкентте жедел уәкілдер қаланың екі тұрғынын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Ұсталғандар жергілікті тұрғыннан бір миллион теңге бопсалап, оған қатысты ақпарат таратамыз деп қорқытқан.

Ақтөбеде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері бір миллион теңге мен Subaru автокөлігін алу кезінде қылмыстық топтың мүшесін ұстады. Ол өзінің үш сыбайласымен ғимарат жертөлесінде жәбірленушіге моральдық және физикалық қысым көрсетіп, сегіз миллион теңге бопсалаған. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бопсалау фактілерін анықтау және олардың алдын алу жұмыстары жалғасады”, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close