ЖаңалықтарШоу бизнес

«Жетер енді, өз өміріңізді сүріңіз»: Индира Елемес ашулы жазба жариялады

Өзін Арман Дүйсеновтің шәкірті ретінде атап жүрген әнші Индира Елемес марқұм композитордың әйелі Айсұлу Айданқызына жауап берді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы qaztaspanews-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Айтуынша, «Арман Дүйсенов студияда қайтыс болды» деп айтпаған.

«КТК арнасын неге қазбаламайсыздар? Менің аузымнан «студияда қайтыс болды» деген сөз шықпады. Айсұлу, олай бұрмалаудың қажеті жоқ. КТК арнасы барлық видеоны көрсетсін, сонда қалай айтылғанын көресіздер. Жетер енді, не үшін бұл жерде тұрды күйеуіңіз, соны айтпадыңыз ба? Менің айтпаған сөзіме айналып келіп қадала бермей, өз өміріңізді сүріңіз. Не айтса да, нақты фактпен сөйлесін!», — деп жазды әнші.

Айта кетері, 2023 жылы композитор Арман Дүйсенов дүние салған еді.

Ал 2024 жылы композитордың ұлы да көз жұмды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button