Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Жеті бала әкесіз қалды»: Астанада ҚТЖ қызметкері тоққа түсіп көз жұмды

14 маусым күні Астана теміржол станциясында қайғылы оқиға болды.

ҚТЖ қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде тоқ соғып, көз жұмды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

«Қазақстан темір жолы» компаниясының мәліметінше, аталған дерек бойынша қазіргі уақытта тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты оқиғаның нақты себептері әзірге жарияланған жоқ.

Компания өкілдері тергеу аяқталғаннан кейін ғана қосымша ақпарат берілетінін мәлімдеді.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, марқұм 43 жаста болған. Оның артында жұбайы мен жеті баласы қалғаны айтылуда.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button