Әлеумет және қоғамЖаңалықтарҚаржы және төлемдер

Жетісу облысында бір топ адам желі арқылы танысып, ақша бопсалаумен айналысқан

Жетісу облысында Талдықорған қаласының 9 тұрғыны сотталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Сотталушылар 2024 жылғы мамырдан 2025 жылғы наурызға дейін өңір аумағында азаматтарды бопсалаумен айналысқан.

Олар әлеуметтік желілер мен мобильді қосымшалар арқылы жәбірленушілердің сеніміне кіріп, кейін түрлі сылтаумен өз үйлеріне шақырған.

«Қылмыстық схема психологиялық қысым мен манипуляцияға негізделіп, жәбірленушілерді жалған түрде «зорлау фактісі бойынша полицияға арыз береміз» деп қорқыту арқылы жүзеге асырылған. «Мәселені реттеу» үшін олардан ірі көлемде ақша талап еткен. Азаматтар алдын ала бөлінген рөлдер бойынша әрекет еткен адамдар тарапынан қатты қысымға ұшыраған», — делінген мәлімдемеде.

Жетісу облысының прокуратурасы сотта ылмыс жасаған адамдар тобының кінәсін дәлелдеді.

Талдықорған қалалық сотының үкімімен олар кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге жаза тағайындалды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button