Жаңалықтар
Жетісу облысында көпбалалы ананы өлтіріп кетті

Фото: ашық дереккөз
Жетісу облысы Ескелді ауданында отырыс кезінде 6 баланың анасы кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлайды qandastar.kz
Облыстық полция департаменті ішімдік қойылған отырыс кезінде әйел адамның кісі қолынан қаза таптқанын растады.
“Ескелді аудандық полиция бөлімі алкогольдік ішімдік ішу кезінде адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды”, – деп мәлімдеді полиция.
Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында болады.
Құқық қорғау органдары алкогольді шамадан тыс пайдалану қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертті.