
Төтенше жағдайлар министрлігі сейсмикалық станциялар желісімен 31 наурыз күні сағат 11:11-де жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 273 км қашықтықта орналасқан.
Есептік қарқындылығы:
Панфилов ауданы Жаркент қаласы — 2 балл
Текелі қаласы — 2 балл
Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы — 2 балл
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәліметтер түскен жоқ.



