Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам көз жұмды

Жетісу облысында жол апатынан 5 адам қайтыс болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жол апаты 24 қаңтар күні шамамен сағат 15:30-да Ақсу ауданында «Көшкентал – Қапал» автожолының 4-шақырымында болған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Toyota Avalon және Toyota Camry маркалы автокөліктер соқтығысқан.

Салдарынан 5 адам қаза тапты. Әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алған 2 жолаушы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеп-тексеру барысы Департамент басшылығының бақылауында.

Полиция қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button