Жаңалықтар

Жетісу облысының тұрғыны Orda.kz бас редакторы қысым жасады деп айыптады

Жетісу облысының тұрғыны Арынғазы Сыздықов белгілі журналист, Orda.kz сайтының бас редакторы Гүлнар Бажкенованың өзіне бір жылдан бері қысым көрсетіп келе жатқанын айтып, оны қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті, деп жазды qandastar.kz

Сыздықовтың айтуынша, редактор ар-намысына тиетін материалдар жариялап, сот шешіміне қарамастан әрекетін жалғастырған.

«Жыл басында Қаратау ауданында балықшылармен кездесуден кейін Orda.kz мен туралы жалған ақпарат таратты. Мен сотқа жүгіндім, судья оның жазғанын заңсыз деп шешті. Алайда биыл 60 жасымды атап өткенде тағы да мен туралы теріс материал жариялады», — деді ол видеоүндеуде.

Dalanews.kz хабарлағандай, ақсақал құқық қорғау органдарынан көмек сұрап, өзін қорғауды талап етті. Оның жұбайы да соңғы бір жылда моральдық қысым көріп, денсаулығына зиян келгенін жеткізді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close