БілімЖаңалықтар

Жетісуда мектеп директоры қарамағындағылардан 9 млн қарыз алып, қайтармаған

Жетісу облысының Көксу ауданындағы Қызылтоған орта мектебінде шу шықты. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Аrysinfo.kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Білім беру мекемесінің бірнеше мұғалімі мектеп директоры Айдар Биназаровтың үстінен арыз түсіріп, одан қарызға берген қомақты қаражатты қайтара алмай жүргендерін мәлімдеді.

Педагогтардың сөзінше, директор әр мұғалімнен әртүрлі мөлшерде ақша алып, жалпы сома 9 миллион теңгеге жеткен. Алайда арада уақыт өтсе де, берілген қаржы қайтарылмаған. Мұғалімдер қарызды сұраған кезде мектеп басшысы бұл мәселені созбалаңға салып, тіпті өз лауазымын алға тартып, жауапкершіліктен жалтарғандай болғанын айтады.

Сонымен қатар ұстаздар қарызға алынған ақшаның букмекерлік ойындарға жұмсалуы мүмкін деген күдік те келтіріп отыр. Дегенмен бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Осы жағдайға байланысты полиция тексеру жұмыстарын бастады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button