Жаңалықтар
Жетісуда өзенді арқанмен кесіп өтпек болған ер адам суға ағып кетті

Жетісу облысында Көксу өзенін жіппен кесіп өтемін деген ер адам суға ағып кеткен. Ол әлі күнге дейін табылмай жатыр,деп хабарлайды qandastar.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан аңғарғанымыз, арқынның көмегімен өзенді кесіп өтпек болған адам жар жолда суға құлап, ағыспен ағып кетеді.
Оқиғаға қатысты ресми орган жауабы жарияланды.
«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, «Н» есімді азамат арқан арқылы өзеннен өтуге әрекеттенген кезде тепе-теңдігін жоғалтып, суға құлап кеткен. Күшті ағыс оны өзен бойымен алып кеткен. Азаматтың жоғалу фактісі бойынша полиция тарапынан ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға кірісті», — деп хабарлады жетісу ПД.