Жаңалықтар

Жезқазғандағы облыстық ауруханада тарақан қаптаған видео тарады

Жезқазған тұрғыны облыстық аурухананың педиатрия бөліміндегі санитарлық жағдайға наразы болып, әлеуметтік желіге видео жариялады. Кадрларда бөлім ішінде тарақандар жүргені анық байқалады, деп жазады qandastar.kz.

Бұл жағдай қоғамда қызу талқыланып, тұрғындар ауруханадағы жағдайға алаңдаушылық білдірді.

Денсаулық сақтау басқармасы таратқан ресми мәліметке сәйкес, ғимараттың ескіруі мен күрделі жөндеу қажеттілігі осындай ахуалға себеп болған. «Бөлімшелерде жоспарлы түрде дезинсекция жүргізіліп тұрады», – делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері 26 қыркүйекте педиатрия бөлімінің аурухананың бас ғимаратына көшірілгенін, ал көшер алдында толық дезинфекция жұмыстары атқарылғанын атап өтті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button