Танымал әнші әрі актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбет Жаңа жыл қарсаңында Ақшақар кейпінде фотосессия жасап, әлеуметтік желіде қызу талқылауға түсті, деп жазады qandastar.kz.
Өнер иесі түсірілім сәттерінен видеоны жеке парақшасында жариялаған. Алайда бұл жазба желі қолданушылары арасында әртүрлі пікір туғызды.
Кейбірі әншінің образын қолдап, сұлулығын атап өтсе, енді бір бөлігі сын айтып, наразылық білдірді.
Пікірлер қатарында:
«Орамал таққан кезіңізде қатты қуанып едім», «Әдемі, бірақ киімі тым ашық болып барады», «Тым ерсі Ақшақар болып тұр», «Жиіркенішті, неге бұлай өзгеріп барады?» деген сияқты жазбалар кездеседі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



