Әлеумет және қоғам

Энергетика және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту үшін ұлттық жоба қабылданды

Фото: akorda.kz

Ел билігі энергетика және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту үшін екі бөліктен тұратын ұлттық жобаны іске қосты, деп жазды qandastar.kz

Біріншісі — алдағы бес жыл ішінде 7 300 мегават электр қуаты салынып, бір бөлігі жаңғыртылады. Оған 6 трлн теңгеден астам қаржы жұмсалуда. Екіншісі – коммуналдық желілерді жаңарту. Оны жүзеге асыруға шамамен 6,8 трлн қажет болады.

“Ол ақшаға 86 мың шақырым коммуналдық желіні жаңартып, жаңғырту және дамыту қажет. Сонымен қатар ел ішіндегі өндірістің мүмкіндіктері барынша пайдалану туралы жоспар бар. Инфрақұрылымға үлкен қаражат салғандықтан, оффтейк-келісімшарттар аясында жұмыс істеп тұрған өндірістерді 100% жүктеуді көздеп отырмыз”, – деді вице-премьер Қанат Бозымбаев.

atamekenbusiness_qaz Осы ретте Үкімет энергетикалық инфрақұрылымға қажет бірақ елімізде өндірілмейтін заттардың өндірісін де жолға қоюға ниетті екенін айтты. Бұл бағытта 27 зауыт пен фабрика құрылады деп болжануда. Вице-премьер инвесторлармен жұмыс істедік. Олардың ішінде өзіміздің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар да бар. Олар өз өндірісінің аясын кеңейтуге дайын. Сондай-ақ шетелдік инвесторлар да қызығушылық танытып жатыр, – деді. Бозымбаевтың баяндауынша қаржы құюға құлықтылар қатыранда Германияның, Түркияның, Ресейдің және Қытайдың инвесторлары бар көрінеді. Сондай-ақ Ұлттық жобаға зейнетақы қорынан қаражат алу туралы жоспар да бар, оның көлемі бірінші жартыжылдықтан кейін белгілі болады.

“Әртүрлі көздерден қаржы тартылатын болады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан да. Инфрақұрылым саласы – салынған қаржы қайтатын сенімді бағыт. Тәуекелі төмен актив”, – деді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close