Жаңалықтар

Жоғалып кеткен 16 жастағы қыз өлі табылған: тың мәлімет айтылды

Қостанай облысының полицейлері бұрын жоғалып кеткен қыздың өлімі себебін айтты,-деп хабарлайды Qandastar.kz

16 жастағы Дарья Тайронина 26 маусымда Әулиекөл ауылындағы үйінен шығып, жоғалып кеткен. Содан кейін полиция мен еріктілер оны іздеуге кірісті. 28 маусымда қыздың денесі Әулиекөл маңындағы ағаш егілген аумақтан табылғаны белгілі болды.

Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 27 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторында қамауға алынды. Жан-жақты және объектив тергеу үшін қажетті тергеу шаралары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды», – деп хабарлады Қостанай облысының Полиция департаменті.

Полиция сараптама қорытындысы шықпай сексуалдық сипаттағы әрекеттер болып-болмағаны туралы пікір бере алмайтынын атап өтті. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close