Жаңалықтар
Жоғарғы сот Бишімбаев пен Байжановтың ісін қарайтын болды: отырыс өтетін күн белгіленді

Фото: ашық дереккөз
Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша сот процесінің күні белгілі болды. Бұл ақпарат «Сот кабинеті» базасында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Тамыз айында Қазақстанның ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі Жоғарғы сотқа келіп түскені хабарланған болатын. Қазір іс 4 қыркүйекте қаралатыны белгілі болды. Айта кету керек, 6 тамызда адвокат Ерлан Ғазымжанов Facebook-тегі парақшасында Қуандық Бишімбаевтың Жоғарғы сотқа жүгінбегенін жазған еді. «Жоғарғы сотта маған Бишімбаев Қ. мен Байжанов Б.-ға қатысты қылмыстық істің соңғысының кассациялық шағымы бойынша келіп түскенін хабарлады. Бишімбаев Қ. мен оның адвокаттары Жоғарғы сотқа жүгінбеген», — деп жазды сол кезде заңгер. Tengrinews.kz мәліметінше, сот Бақытжан Байжановтың шағымын қарастырады.
- Еске салайық, Салтанат Нүкенованы өлтіргені және оны азаптағаны үшін Қуандық Бишімбаевқа 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын, ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде өтейді.