Жаңалықтар
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қарамайтынын мәлімдеді
Фото: Спутник.кз
Қазақстан азаматы Қайыргелді Смағұлов Қазақстанның экс президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық мүлкін мемлекет пайдасына өндіру үшін үшінші рет сотқа жүгінді, – деп хабарлайды qandastar.kz.
Кассациялық алқа талапты одан әрі қарауға негіз жоқ деп тапты.
«Өтініштің дәлелдерін зерделей келе, судья сот актілерін қайта қарауға негіз жоқ деп есептейді», – делінген Жоғарғы соттың қаулысында.
Бұған дейінгі соттар шешімдерінде «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» заңға сілтеме жасап, оған сәйкес Назарбаевты президент ретіндегі өкілеттіктерін орындауға байланысты әрекеттері үшін жазалауға болмайды.