Жаңалықтар

Жоғары аудиторлық палата Назарбаев университетін тексереді

Фото: ашық дереккөз

Жоғары аудиторлық палата Назарбаев университетін тексереді, деп хабарлайды qandastar.kz kaztag.kz-ке сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдаланылуын мүлтіксіз бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ жалпы мемлекеттік аудит жүйесінің тиімділігін одан әрі арттыруға ерекше мән беру керек екенін айтты»,- деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Әлихан Смайылов:

– Атап айтқанда, теміржолға баса назар аудара отырып, көлік саласына, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау, Алматы облыстарының бюджеттеріне және қазақстандықтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіне аудит жүргізілген.

– Жалпы сомасы 2,9 триллион теңгеден астам қаржыны құрайтын 73 нысан тексерілген. Нәтижесінде 39 миллиард теңгеден астам қаражаттың заңсыз жұмсалғаны анықталған.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, кемшіліктерді жою үшін көлік саласын дамыту, бюджеттік-инвестициялық жобаларды іске асыру, отандық фармацевтика өнімдерін өндірушілерді мемлекет тарапынан қолдау тетігін қайта қарау жөнінде ұсыныстар әзірленді.

• Президентке мемлекеттік аудит жүйесін реформалау жөніндегі ұсыныстар топтамасы таныстырылды;

• Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына биыл екінші жартыжылдықта жүргізілетін аудиторлық іс-шаралар туралы баяндалды. Тексеру жұмыстары Назарбаев Университеті және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қызметін, сот жүйесін, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы, өңдеу өнеркәсібіндегі және құрылыстағы жекелеген бағыттарды қамтиды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close