Жаңалықтар

Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады

 

Ғылым және жоғары білім министрлігі талапкерлерге арналған күнтізбе жариялады,-деп хабарлайды Qandastar.kz

жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау – 20 маусым мен 25 тамыз аралығында;

педагогикалық мамандықтарға және денсаулық сақтау саласына байланысты мамандықтарға түсушілер үшін арнайы емтихандарды өткізу – 20 маусым мен 20 тамыз аралығында;

шығармашылық емтихандарға қатысуға өтініш қабылдау – 20 маусым мен 10 тамыз аралығында;

шығармашылық емтихандарды өткізу – 7 шілдеден 15 тамызға дейін;

білім беру гранты конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау – 13 шілдеден 20 шілдеге дейін;

грант иегерлерінің тізімін жариялау – 10 тамызға дейін.

 

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close