Жаңалықтар
“Жойып жібереміз”. Трамп Иранның ядролық нысандарына соққы беруге дайын екенін хабарлады

“Иран өз ядролық нысандарын қайта қалпына келтіруге әрекет жасайтын болса, АҚШ оларға жаңа соққы жасауға дайын”. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді, деп жазды Qandastar.kz
«Біз олардың ядролық әлеуетін жойып жібердік. Олар бәрін қайтадан бастауы мүмкін. Егер олар мұны істесе, біз ол нысандарды көзді ашып-жұмғанша жойып жібереміз. Мұны істеуге біз мәжбүр боламыз», — деді Дональд Трамп.