ЖаңалықтарШоу бизнес

«Жоқ кешірмеймін, үш күн күттім»: Мұқасаннан таяқ жеген әнші шұғыл мәлімдеме жасады

Белгілі блогер және қоғам белсендісі Жан Ахмадиев әнші Мұқасан Шахзадаев тарапынан соққыға жығылды делінген “Нұр-Мұқасан” тобының жаңа мүшесі Ғалымжан Сүлейменнің қазіргі жағдайын жариялады, деп жазды qandastar.kz

Жан Ахмадиев пен танымал заңгер Инга Иманбай ауруханаға барып, жәбірленушінің хал-жағдайы туралы видео жүктеді. Ғалымжанның сөзінше, оған мұрыннан ота жасалған.

“Мұрынға ота жасалды. Дәрігерлер ісік қайтқан соң ортасындағы пердесіне тағы операция жасалатынын айтты”, — деді.

Өміріне қауіп төнгенін айтқан Ғалымжан Сүлеймен кешірмейтінін ашық мәлімдеді.

“Жоқ, кешірмеймін. Үш күн күттім, одан кейін де күттім. Бірақ өзі келіп кешірім сұраған жоқ. Оның атынан келгендер көп болды. Менің ойымша, бұл — тәкаппарлықтың шарықтаған түрі”, — деді ол.

Жәбірленушінің заңгері де жағдайды құқықтық тұрғыда түсіндірді.

“Азаматтың денсаулығына орташа ауырлықтағы қасақана зиян келтіру — Қылмыстық кодекстің 107-бабы. Бұл үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал адамдар тобы алдын ала сөз байласып, шақырып алып соққыға жығу — қылмыстың ауырлататын белгісі. Мұқасан мырза — өнер адамы, жасы үлкен. Ал Ғалымжан — одан жас. Мұның бәрі — әлімжеттік”, -дейді заңгер.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button