БілімЖаңалықтар
Жол апаты: Футбол турниріне бара жатқан 3 оқушы ажал құшты
Фото: ашық дереккөз
Бүгін таңертең Самара — Шымкент тас жолының 862-шақырымында, Хромтау ауданында болған жол апаты жеті адамның өмірін қиды. Оның ішінде үш бала бар.
Бұл туралы qandastar.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
Самара — Шымкент тас жолында 0:00-ден кейін жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, жол апаты болды. Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдос Құлжановтың айтуынша, жеңіл көлік жүргізушісі мен бес жолаушы, оның ішінде үш мектеп оқушысы оқиға орнында тіл тартпай кетті.
Жергілікті полиция басшысы балалар Маңғыстау облысына футбол турниріне бара жатқанын, жалпы спорттық іс-шара туралы мемлекеттік органдарға хабарланбағанын айтты.
Полиция қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Дәлел жинау және куәгерлерді сұрау жұмыстары жүргізіліп жатыр.