Жаңалықтар

Жолаушылар наразы: Air Astana авиакомпаниясының рейсі 8 рет ауыстырылған

Air Astana авиакомпаниясының №983 рейсінің жолаушылары әуежайда бірнеше сағат бойы күттірген ұзақ кідіріс үшін наразылық білдірді, деп хабарлайды qandastar.kz.

Олардың айтуынша, Астанадан Атырауға 20:05-те ұшуы тиіс ұшақ дәл бортқа отырғызар алдында 22:00-ге шегерілген, кейін тағы бірнеше рет уақыт ауыстырылып, барлығы сегіз рет кейінге қалдырылған.

Жолаушылардың сөзіне қарағанда авиакомпания ешқандай алдын ала ескерту жасамағандықтан, адамдар ұзақ уақыт бойы әуежайда белгісіздікпен күтуге мәжбүр болған. Күтушілер арасында қарттар да, кішкентай баласы бар аналар да болған. Ұзаққа созылған кідіріс кезінде компания тарапынан өтемақы ұсынылмаған, билет ақшасын қайтару мүмкіндігі көрсетілмеген, сондай-ақ демалатын орындар ұйымдастырылмаған. Түнгі екіге дейін авиакомпанияның бірде-бір өкілі жағдайды түсіндіруге шықпаған.

Алғашқы уақытта 20:05-ке жоспарланған рейс тек түнгі 3:00-де жүзеге асқан. Жолаушылардың айтуынша, бірнеше сағат бойы оларға тек қара шай мен лепёшка ғана берілген, ал 0,33 литрлік су тек 21:00 шамасында таратылған. Көпшілік егер кідірістің ұзақ болатыны алдын ала хабарланғанда, қалаға қайта шығып, қалыпты жағдайда күтуге болатынын айтады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button