Жаңалықтар

Жолдау алдағы жолымызды саралап береді

Фото: жеке қорынан

Президент Жолдауы халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, адам өмірінің қауіпсіздігін қорғауға, қоғамдағы түйіткілді мәселелерді дер кезінде шешіп, халықтың мүддесін жақсартуға бағытталып келеді.

Былтырғы Жолдаудан соң 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85 мың теңге болды. Бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізді. Мемлекет басшысы кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез-келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етті.

«Бұл өз кезегінде жас ұрпақтың болашағын ойлау деп білемін. Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі елдің болашағы. Атом электр станциясын салу немесе салмау мәселесі – бұл еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын», – деді Мемлекет басшысы.

Референдум – азаматтық қоғамның беделі мен халыққа деген сенімнің көрсеткіші деп білемін. Бұл өз кезегінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының форматы.

Бұған қоса мемлекет басшысының тарихты түгендеумен нағыз мамандар айналыссын деп қадап айтып, елдің өткеніне қатысты деректерді бір жүйеге түсіруді тапсыруы дер кезінде айтылған өте орынды ұсыныс.

Президенттің тапсырмасына орай Қазақстанның жеті томнан тұратын жаңа академиялық тарихын жазу жұмыстары жүйелі қолға алынды. Бұл іске еліміздің 250 ғалымы, одан бөлек бірқатар шетелдік маман атсалысып жатыр. Аталған еңбектің дербес бір томы Жошы ұлысына арналды. Ұлттық құрылтайда берілген бұл тапсырма тарихтағы талай екіұшты деректерге нүкте қояры талассыз.

Президент басшысы халықтың көкейінде жүрген мәселелерді көтеруде. Алда жарияланатын Жолдауы да  халықтың көңілінен шықты деп айта аламын. Ендігі кезекте біздің ауызбіршілік маңызды. Әділетті Қазақстан жолында баршаңызды бір болып, ел игілігі үшін жұмыс жасауға шақырамын!

 

Табулденов Әлібек Нұрмағамбетұлы,

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ атындағы

Қостанай өңірлік университетінің

әлеуметтік-гуманитарлық пәндер

кафедрасының қауымдастырылған профессоры,

тарих ғылымдарының кандидаты

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close